«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жер телімін қайтарып алды

2017 жылғы 10 Қаңтар
- Жетісу облысы
4705 просмотров

Палатаның араласуымен кəсіпкер өзінің 1000 гектар жерін сақтап қалды

Былтырғы жыл «Бектұрғанов У.Е.» шаруа қожалығының басшысы Уәлихан Бектұрғанов үшін оңай болған жоқ. Маусым айында азаматтық істер жөніндегі сот алқасы оның 1000 га жер телімін коммуналдық меншікке беру туралы үкім шығарған болатын. Арызданушы Көксу ауданы әкімдік аппараты болды, олар жер телімі 2008 жылдан бері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағанын және иесіз мүлік болып қалғанын айтқан. Кәсіпкердің салықтарды адал түрде төлегені туралы тиісті дəлелдер ұсынғанына,  жерді бүған дейін сəйкесінше пайдаланғанына қарамастан, сот шешімді əкімдік пайдасына шығарған.

Мұндай әділетсіз шешімнен кейін кәсіпкер Палатаға шағымданып, апелляциялық шағым береді. ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Думан Керімбаев сот бірқатар қателіктер жібергенін, сондықтан заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Талқылау кезінде апелляциялық соттың судьясы мен бірінші инстанция соты судьясының қателіктері аталды. Осылайша, Азаматтық кодекстің 242-бабына сәйкес, меншік иесі болмаса немесе меншік иесі белгісіз болса, не меншік иесі затқа меншік құқығынан бас тартқан жағдайларда ғана мүлік иесіз мүлік болып саналады. Алайда, бұл мәселе бойынша меншік иесі белгілі және ол жер телімінен ерікті түрде бас тартпаған. Көріп отырғанымыздай, азаматтық соттың сот алқасы мұны ескермеген. Бұдан басқа, Көксу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Бектұрғановтың салық төлеуші ретінде тіркелгенін және салықтарды уақытылы төлеп отырғанын  нақтылады.

Осы жайттарды зерттегеннен кейін апелляциялық соттың судьясы апелляциялық шағымды толық көлемде қанағаттандырып, бірінші инстанциядағы сот судьясының шешімін мақұлдамады. Онымен қоса, кәсіпкердің жер телімі әділет органдарындағы иесіз мүлік есебінен шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер