«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалған байқау

2016 жылғы 12 Мамыр
- Жетісу облысы
8551 просмотров

Алматы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының заңгері сотта «Тасымал» ЖШС мүддесін қорғап қалды

Өткен жылдың соңында Кәсіпкерлер палатасына «Тасымал» ЖШС-ның директоры Жанат Жолдығұтова шағым айтып келген. Оның компаниясы Алматы облысы бойынша жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Кәсіпкер республикаішілік автомобильді жүк және жолаушы тасымалдау құқығын беретін байқау шешімімен келіспеді. Бизнесвуменнің  дәлелдерімен және құжаттарымен таныса келе, Палатаның заңгері Диас Оташбаев сотқа жүгінуге кеңес берді.

Мәселе былай болған. 2015 жылдың тамыз айында Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы №33 «Талдықорған қ. –  Алматы қ. а/б Саяхат» лоты бойынша байқау жариялаған. Тендер қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Ақ-Нар А» ЖШС анықталған. Жолдығұтованың айтуынша, байқауалды комиссия «Ақ-Нар А» ЖШС-нің автокөлік құралдарына қосымша зерттеулер жүргізіп, заңбұзушылыққа жол берілгенін анықтаған. Сотта басқарма өкілі Ләззат Қарсыбаева да байқау барысында және оның қорытындысын шығаруда байқау комиссиясының тарапынан заңбұзушылықтар болғанын растады. 2015 жылдың 23 қыркүйегінде байқауалды комиссия компаниялардың өтінімінде көрсетілген көлік құралдары туралы ақпараттарына сәйкестігін тексерген. Тексеру қорытындысы бойынша  «Желмая» ЖШС мен  «Ақ-Нар» ЖШС барлық талаптарға сай келмейтіндігі, ал  «Тасымал»  ЖШС-де ешқандай заң бұзушылық жоқ екендігін анықтаған. Алайда «Ақ-Нар» компаниясының автокөлік құралдарын қайта тексеруі туралы өтінішінен кейін байқауалды комиссия көлік құралдарын қайта тексеруден өткізеді.

«Әйтсе де ережеде қайта немесе қосымша зерттеу жүргізу қарастырылмаған. Тиісті жайт туралы мемлекеттік органдар да  мәлім еткен болатын. Сондай-ақ, байқауалды комиссияның төрағасы К.Қаниет пен байқауалды комиссияның мүшесі А.Шалабаев та ережеде қайта немесе қосымша зерттеуді жүргізу қарастырылмағандығын атап көрсетті, бірақ ЖШС-нің хатына сәйкес, 4 бірлік көлік құралына тексеруге жүргізілгенін растады. Осылайша, сотта «Ақ-Нар А» ЖШС-нің көлік құралдарын қосымша тексеруден өткізу ережеге сай емес екені анық дәлелденді», – деп атап көрсетті заңгер Д.Оташбаев.

Сонымен бірге, соттағы дауыс беру кезінде 4 байқаудың комиссиясы мүшесінен тек 2-і ғана қатысқаны анықталды. Бұған қарамастан басшылық аталмыш тендерді өткізуге айла қолданған.

Осыған байланысты Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты байқаулар нәтижелерін, тұрақты республикаішілік автомобильді жолаушылар тасымалы бағыттарына қызмет көрсету құқығы туралы келісімді жарамсыз деп тауып, жолаушылар көлігі мен автомобильді жолдар басқармасынан «Тасымал» ЖШС пайдасына 1 061 теңге көлеміндегі баж салығын өндіріп алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер