«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Айыппұлдан құтылды

2016 жылғы 04 Мамыр
- Жетісу облысы
6745 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы компанияны шығынға ұшыраудан құтқарып қалды 

Сотта Палата сарапшылары мемлекеттік орган тарапынан болған құқықбұзушылықты дәлелдеп, 9 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдың күшін жойды

Бизнесмен Нұртұрған Диқанбаев Панфилов ауданында тауар тасымалдаумен айналысады. Өткен жыл оның «Жібек-Сервис» компаниясы үшін ауыр болды. Мемлекеттік кіріс департаментімен болған сот дауы оның бүкіл бизнесін күйретуге шақ қалды. Салық мекемесі органға қосымша құнға салынатын салық бойынша тіркеуге тұру туралы өтініш беру мерзімі бұзылғанын анықтады. Салық кодексінде кәсіпорын айналымының шегі белгіленгенін айта кетейік. Егер белгіленген шек бір күнтізбелік жылдан асып кеткен болса, онда бір айдың ішінде бизнесмен органға ҚҚС бойынша тіркеуге қоюға өтініш беруге міндетті. Компания уәкілетті органға жүгінбегені анықталды, ал айналым 30 АЕК-тен асып кеткен. Осыған байланысты мемлекеттік кіріс департаменті сот тәртібімен 9 млн. 133 462 теңге сомасында айыппұл төлеуді талап етті. Кәсіпкер мұнымен келіспейтінін білдірді және шағым жасауға тырысты. Бірақ нақты көмекті тек Кәсіпкерлер палатасынан ғана алуға тура келді. Сотта оның мүддесін Панфилов ауданындағы ӨКП филиалының директоры Азамат Байғұтиев қорғады.   

«Біз сотта Панфилов аудандық мемлекеттік кіріс департаменті ЖШС-ні  әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде мұқият камералдық тексеру  жүргізбегенін, шағын бизнес субъектісінің қызметіне аудит жасалмағанын көрсеттік, олар тек екінші деңгейлі банк қаражатының қозғалысы жөніндегі көшірмелермен шектелген. Компанияның құқықбұзушылықтарына қарамастан, сот кәсіпорынды әкімшілік жауапкершілікке тартудың мерзімдері өтіп кеткенін дәлелдейтін мән-жайларды табады. Департамент уақыт өтіп кеткен соң қимылдап, айыппұл салу туралы қаулы шығарған.  Осыған орай сот әкімшілік айыппұлдың күшін жойды», – деді А.Байғұтиев.

Мемлекеттік орган құқықбұзушылықты 2015 жылдың 16 сәуірінде анықтағаны белгілі болды, алайда айыппұл салу туралы қаулыны 2015 жылдың 22 қазанында, яғни құқықбұзушылық анықталған күннен жарты жыл өткен соң ғана шығарады.

Соттың оң шешімінен кейін Нұртұрған Диқанбаев ӨКП-ға көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді және директордың атына алғыс хат жолдады.

«Палата филиалының қызметкерлері жоғары жауапкершілік танытып, ҚР заңнамалық актілерін жақсы білетіндерін, биік кәсіби шеберліктерін көрсетті, сөйтіп «Жібек-Сервис» ЖШС кәсіпорнының материалдық шығындарын қысқартуға ықпал етті», – деп атап өтті ол.

Қаржы саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған кезде тұлға құқықбұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бірақ әкімшілік құқықбұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауапкершілікке тартыла алмайтынын айта кеткіміз келеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер