«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Міндеттемелерді орындау керек

2016 жылғы 20 Қаңтар
- Жетісу облысы
9974 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік кәсіпорыннан кәсіпорын пайдасына қарыз өндіруге жәрдем көрсетті

Шарт ақшадан да қымбат деген сөз бар. Алайда кәсіпкер үшін шарт та, ол бойынша жасалатын төлемдер де маңызды.

Кәсіпорын екі жыл бойы мемлекеттік кәсіпорыннан маңдай терімен тапқан ақшасын мемлекеттік кәсіпорыннан өндіруге талпынғанмен, онысынан түк те шықпайды. Кәсіпкерлер палатасы араласуының арқасында ғана іс алға жылжыды.

«Қазторгтехника» ЖШС және Қапшағай қаласы әкімдігі «Қапшағайжылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2013 жылдың қаңтар айында шарт жасасып, оған сәйкес «Қазторгтехника» ЖШС 33 жылу энергиясын есептеу аспабын орнатуға, іске қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттама дайындауға міндет алды.

ЖШС міндеттемелерін толық көлемде және мерзімінде орындады, алайда коммуналдық қызмет өкілдері оларға тиесілі соманы толық төлемеген. Сонымен, төленуге тиіс 18 267 849 теңгеден жауапкерлерге 6 198 445 теңге төленген. Осылайша, шарт бойынша қарыздың қалдығы 12 069 403 теңгені құрап отыр. Оны тараптар арасында жасалған өзара есептесулерді салыстыру актісі растайды.

«Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен ГКП «Қапшағайжылу» МКК 2015 жылғы желтоқсан айында қарызды жабуға есептік шотқа 4 млн.теңге аударды. Мемлекеттік кәсіпорын 8 млн теңге мөлшеріндегі қарыздың қалған бөлігін 2016 жылғы екі ай ішінде өтеуге уәде берді. Олай болмаған жағдайда қарыз сот тәртібінде өндірілетін болады», - деп атады ӨКП құқықтық блогы 1 санатты сарапшысы Диас Оташбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер