«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Басты міндет: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2015 жылғы 24 Тамыз
10111 просмотров

Алматылық “ALA card” ЖШС президенті Ерлан Стамбеков жаңа валюта бағамы жайлы өз ойымен бөлісті

«Қазіргі девальвация бастауы Ресейден келді. Біздің бірыңғай экономикалық кеңістікте екеніміз белгілі. Экономикаларымыз арасында қалыптасқан диспропорция салдарынан валюталар бағамын сәйкестікке келтіруге мәжбүрміз. Кедендік шекарасыз ақшамыздың аса зор үлесі тек ресейлік экономиканы, Ресейдегі тауар өндірушілерді қаржыландыра бастағаны құпия емес. Бұл қазақстандық өндірістерге ауыртпалық болды», - деп түсіндірді бизнесмен.

«Егер тереңірек қарасақ, 40 немесе 50% девальвация жайлы айтып отырмыз. Әрине, тарифтер, түрлі қызметтер, тауарлар және т.б. құны көтеріле бастайды», - деді компания басшысы. – «Бұл жерде барлық шикізат, құрамдастырдың барлығы шетелден сатылып алынатын негізінде импортқа тәуелді өндіріс жайлы айтып отырсақ, мұның бірден баға көтерілуіне әкелетінін түсіну керек. Кез-келген кәсіпкер келесі өндіріске сатып алу жүргізу үшін бірден бағаны көтеруге мәжбүр болады», - деп есептейді Ерлан Стамбеков.

«Егер импорттық құрамдастарға тәуелсіз немесе тәуелділігі төмен өндірістер жайлы айтсақ, онда олар үшін негізгі ұтыс, егер олар девальвацияға дейінгі бағасын қалдырса, олар бәсекеге қабілетті бола бастайды. Бірақ ондайлар азайып бара жатыр, себебі біздің экономикамыз құрамдастар жөнінен де, шикізат жағынан да, жалпы импортқа тәуелді», - деп кәсіпкер ойын білдірді.

Оның ойынша, базалық салалар, және де әсіресе тамақ және қайта өңдеуші сала өндірісті тереңдету үшін ашылып жатқан мүмкіндіктерге дұрыс жауап қатуда. «Тұтынушылқ себетті, сыртқы нарықта орын алып жатқан жағдайларға қарамастан, өз тауарларымызбен қамтамасыз етуге тиіспіз. Орын алған девальвацияның біздің өндірістерімізге пайдасы тиеріне сенемін», - деп есептейді Ерлан Стамбеков.

Кәсіпкер «бүгінгі долларға шаққандағы теңге бағамы – әлі де шегіне жетпегеніне» сенімді.

«Еуразиялық экономикалық одақтағы жағдайымызды теңдестіруге тиіс қажет паритетті құруға тиіспіз. Экономикаларымызды теңестіру үшін, теңге рубль деңгейіне дейін түседі деп ойлаймын, әйтпесе ресейлік экономика шаңсорғыш сияқты біздің қаражатымызды ала беретін болады. Бұл, әрине, тұтынушылар үшін тиімді, бірақ ел экономикасы үшін аса зор залал», - деп қорытты сарапшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер